USD
USD
USD

«Алматы марафонына» 15 мыңнан астам спортшы қатысады

1 қазанда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарысы — «Алматы марафоны» он екінші рет өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

«Алматы марафонына» 15 мыңнан астам спортшы қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған. Марафоннан түскен қаржының дені қайырымдылық мақсатқа жұмсалады.

Былтыр 45 млн теңгеден астам қаражат Қаскелең мен Талғардағы мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттарға, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді. Жарыс Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі, Абай даңғылымен өтеді.

1 қазанда сағат 7:00–ден 13:30–ға дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты