USD
USD
USD

Алматы маңында ұшақ соғылған үй заңсыз ба?

Алматы маңында ұшақ соғылған үй заңсыз салынған. Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген ресми мәліметке сәйкес, біріншіден ол жер учаскесіне үй салуға мүлдем болмайды, екіншіден үйдің қожайындары ғимарат жобасын әкімдікпен келіспеген, таныстырмаған. Бұл туралы Талғар қаласының әкімдігі хабарлады. 

Алматы маңында ұшақ соғылған үй заңсыз ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімімен бұл үйге сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілмеген, жоба келісілмеген және салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелмеген. Ғимарат өз бетімен салынған құрылыс. Үй елді мекен шегінде орналасқан, алайда жер учаскесі суармалы жер болған. Жер кодексіне сәйкес мұнда тұрғын үй салуға жол берілмейді», – делінген аталған ведомствоның ресми мәліметінде.

Сондай-ақ, жеке құрылыс салу заңдылығын зерделеу үшін құрылған жұмыс тобы әлі өз жұмысын аяқтаған жоқ. Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол комиссия толық шешім шығарады. Естеріңізге сала кетейік, 27-ші желтоқсан күні Алматы маңында «BekAir» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. 12 адам қаза болды. Апатқа ұшыраған ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский