USD
USD
USD

Алматы маңында ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті

 Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жолдан өткісі келген ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті.

Алматы маңында ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. «Етікші, жергілікті тұрғын. Балаларымен өзенге шомылуға бара жатқан. Қызы оқиға орнында қаза болды, балаарбадағы ұлын итеріп жіберіп үлгерген. Ұлы тірі», - делінген. Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, оқиға 28 маусымда 14:50-де Алматы – Нұр-Сұлтан тасжолында болған. «ЗИЛ маркалы жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі трассамен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жастағы бала қаза болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар