USD
USD
USD

Алматы маңында 2 рет жер сілкінісі тіркелді

  Бүгін таңертең Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта 2 рет жер сілкінді, деп хабарлайды «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС. 

Алматы маңында 2 рет жер сілкінісі тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін, 16 сәуір күні жергілікті уақытпен сағат 8:55-те тіркелген.

«Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін жергілікті уақытпен сағат 7:40-та да жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 км қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды. Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмаған.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе