USD
USD
USD

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағын тергеу жұмыстары аяқталды

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының ұшағына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағын тергеу жұмыстары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Bek Air апатын тергеу жұмыстары аяқталды. Жақын күндері нәтижелері жарияланатын болады", - деді министр.

2021 жылдың 27 желтоқсанында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тергеу туралы есеп жобасының бекітуге жіберілгенін айтқан болатын. Оның мерзімі 60 күнтізбелік күн ішінде болуы керек еді.

Жауапты бөлім апаттың себебін анықтау үшін тергеуді кейінге қалдырудың маңызды факторы коронавирус себебінен енгізілген шектеу шаралары екенін атап өтті.

"Шектеулер әуе апаттары мен оқыс оқиғаларды зерттеу департаментінің, сондай-ақ оған қатысқан шетелдік әріптестердің жұмысына айтарлықтай әсер етті. Нидерланд Корольдігінің Қауіпсіздік бюросы 2021 жылдың қазан айында комиссия бөлшектеп, оларға жіберген ұшақтың тірек беттерінің элементтерін зерттеу нәтижелерін ұсынды", - деді индустрия министрлігі. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық