Алматы маңайында тағы да жер сілкінді
Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ге сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. Кезекші оператордың хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 16:12-де тіркелген. Эпиорталығы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 45.27° с.е. және 80.67° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Алматыдан бірнеше шақырым жерде сағат 7:40-та және 8:55-те жер сілкінісі болды.
Сондай-ақ, қазақстандық сейсмологтер Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады