USD
USD
USD

Алматы лицейлердің бірінде болған жыныстық буллингті тексеру басталды

Алматыдағы халықаралық Қазақстан-Түркия лицейінде болған жыныстық сипаттағы буллингке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды КТК.

Алматы лицейлердің бірінде болған жыныстық буллингті тексеру басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия да жекемншік білім ошағындағы сорақылықтың себеп-салдарын анықтайды. Бүгін әлеуметтік желіге лицейдегі оқушылардың бір-біріне әлімжеттік көрсетіп жатқан видеосы таралған. 

Белгілі болғаны, бұл бейнежазба жыл басында түсіріліпті. Кадрде оқушылар сынып ішінде порнографияны ашық көріп отырғанын байқауға болады. Анайы видеоны ноутбуктен емін-еркін тамашалап отырған балаларға ешкім "қой" демеген.

Білім ошағында оқушылар бір-біріне күш қолданып, сексуалды әрекетті қайталауға тырысып жатқанын аңғаруға болады. Лицейдегі сұмдықты 15 жастағы баланың анасы жыныстық зорлыққа қарсы қоғамдық ұйымға жайып салған. Оның айтуынша, баласы қатарластарынан жиі қысым көрген. Бұған шыдамаған ана ақыры ұлын лицейден шығарып, тиісті органдарға шағым түсірген.

Ал лицейдің директоры әкімшілік жазамен оңай құтылған. Осы шешімге көңілі толмаған әйел зорлық-зомбылыққа жол беретін халықаралық Қазақстан-Түркия лицейін жауып тастауды талап етуде.

“Аталмыш дерек Алмалы ауданы полиция басқармасында. Қазір тексеріс жалғасып жатыр. Оған жасөспірімдер ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өкілдері де жұмылдырылды. Міндетті түрде құқықтық түрде баға беріледі. Шешім қабылданады. Барлық мән-жай анықталады”, – дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция