USD
USD
USD

Алматы: Лаңкестер полиция департаментіне алты рет шабуыл жасаған

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин жаппай тәртіпсіздік кезінде террористер Алматы қалалық полиция департаментіне алты рет шабуыл жасағанын айтты. 

Алматы: Лаңкестер полиция департаментіне алты рет шабуыл жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Хабар 24» телеарнасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин былай деді: «Бұл біз көріп жүрген жай ғана жаппай тәртіпсіздік емес. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қиратады, өртейді. Бұл жолы мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасалды. Бір ғана Алматы қалалық полиция департаментіне алты рет шабуыл жасалған. Департамент түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін лаңкестерге тойтарыс берген». 

Мемлекеттік хатшы Қазақстанға гибридті террористік шабуыл жасалғанын мәлімдеп, мемлекеттің тұтастығына қауіп төнгенін айтты. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler