USD
USD
USD

Алматы: Күн сайын 7 мыңнан астам адам вакцина салдырады

Алматыда халықты вакциналау қарқыны күніне жеті мыңнан астам адамды құрайды. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы: Күн сайын 7 мыңнан астам адам вакцина салдырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикер мегаполис тұрғындарының иммундық қабаты КВИ-ден ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға жетпейтінін атап өтті.

6 тамыздағы жағдай бойынша, вакциналау қала тұрғындарының ресми санының 41,1% көрсетті. Ж. Бекшиннің айтуынша, бір жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы артып келеді.

Өткен аптада 224 КВИ дерегі тіркелсе, осы аптада 238 жағдай анықталған. 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың төмендеуі байқалады – өткен аптада 1 099, осы аптада - 878 бала.

Жалпы КВИ аурушаңдығы 20-40 жас аралығындағы жастар арасында – 38%, 40-59 жас аралығында – 25% және 60 жастан асқан адамдар арасында – 20%. Алматының бас санитарлық дәрігері халықтың қандай топтары КВИ жұқтыруға бейім екенін айтты.

«Алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда соңғы 7 күнде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында – 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлері арасында – 18,4%, зейнеткерлер арасында – 17,3% және оқушылар арасында – 9,2% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында – 6% жоғары көрсеткіш сақталуда. Халықтың аталған санаттары КВИ-мен ауырғандардың жалпы санының 92% құрайды және олардың арасында алдын алу шараларын жүргізу қажет», - дейді Ж. Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт