USD
USD
USD

Алматы Қытаймен «ақылды» қалалар» тәжірибесі бойынша ынтымақтаспақ

 Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдың Шэньчжэнь қаласының мэрі Вэйчжун Цинмен бейнеконференция байланысы бойынша ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Алматы Қытаймен «ақылды» қалалар» тәжірибесі бойынша ынтымақтаспақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онлайн кездесу барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Шэньчжэнь қаласының мэрі Вэйчжун Цин екі қала арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ортақ мүдделер саласында – «ақылды» қалалар, АТ-технологиялар, энергетика, инфрақұрылым, мәдениет және өнер, экономика және сауда, білім, туризм бар. Тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісті. Заманауи Шэньчжэнь – Қытайдың инновациялық астанасы, онда Нобель сыйлығының лауреаттары, Тюринг сыйлығы және Филдс медалінің иелері басқаратын көптеген зертханалар құрылды. Мұнда Huawei, Tencent, ZTE және басқа да көптеген танымал компаниялар орналасқан іргелі зерттеу институттары мен инновациялық орталықтар жұмыс істейді. Шэньчжэнь қаласы ғылыми-техникалық инновациялар орталығы, өңірлік қаржы және сауда-логистикалық орталық ретінде қалыптасты.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп