USD
USD
USD

Алматы: Кезекші сыныптар карантинге жабылды

Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты.

Алматы: Кезекші сыныптар карантинге жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмановтың сөзінше, бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған, оның ішінде, екеуі - кезекші сыныптағы оқушылар. 

«Барлық топ ПТР-тест тапсырған, бәрінің нәтижесі теріс болды. Екі жағдайда да балалар коронавирус инфекциясын ата-анасынан жұқтырған. Топтар жағдайдың алдын алу мақсатында жабылды», – деді Қайрат Жұманов. 

Еске салайық, екінші тоқсанда кейбір алматылық оқушыларға дәстүрлі оқу форматына көшуге рұқсат берілген болатын. 

Екінші тоқсаннан бастап 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын. Сыныпта отыратын оқушы саны 15-тен аспауы керек. 

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт