USD
USD
USD

Алматы карантинге жабылмайды

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының жабылатыны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия мәлім етті.

Алматы карантинге жабылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 30 маусымы сағат 00:00-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпарат тарады.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлім етті.

«Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз»,– делінген хабарламада.


 

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

.

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астана