USD
USD
USD

Алматы: карантин режимі күшейтілді

Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап полиция Департаменті, әскери полиция, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қала көшелерін күзетуді күшейтеді.

Алматы: карантин режимі күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, патрульдік полиция Полкі мен Мамандандырылған батальонның жеке құрамының көмегімен екі ауысымдық авто патрульдеу түрінде көшелерді күзету енгізілді.

 "Жаяу патрульдеу бағыттары мен патрульдік полиция бригадасы қайта қаралып, топтастырылды.  Қызмет көрсету механизмі жаңартылды.  Жұмысқа тартылған қызметкерлер енгізілген шектеулерге сәйкес халық арасында түсіндірме жұмыстарын дамытуға баса назар аударады. Төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзған жағдайда, құқық бұзушыға қатысты қылмысының ауырлығына байланысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.  Бұл шаралар ең алдымен қалада короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін бағытталған", - деп хабарлады, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

  Сонымен қатар, полиция, өзіміз бен жақындарымыз үшін ортақ жауапкершілікті күшейте түсуге шақырды.  Үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемелерге бару керек кезде ғана шығу ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком