USD
USD
USD

Алматы қаласының тұрғындарына ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Төтенше жағдай департаменті Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты ескерту жариялады.

Алматы қаласының тұрғындарына ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының ТЖ департаменті мәліметінше, "Қазгидромет" мекемесінің 20 қарашадағы № 18 ескертуінің негізінде таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай ақ 20-21 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкінің түсуі қаупі бар. Осыған байланысты таулардың қарлы беткейлеріне шығу ұсынылмайды.

Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.

- Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз.
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.
- Рюкзактарда мына қажет заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторлар артық болмайды.
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық