Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы қаласының тергеу изоляторында мемлекеттік қызметкерлер үшін экскурсия өтті

Antikor Almaty мемлекеттік қызметкерлер үшін тергеу изоляторында экскурсия өткізді.

Алматы қаласының тергеу изоляторында мемлекеттік қызметкерлер үшін экскурсия өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда мемлекеттік қызметкерлер түзеу мекемелеріне барды.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі түзеу мекемелерінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін экскурсия жүргізу тәжірибесін жаңартуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру, күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылар мен сотталғандардың тұрмысын ішкі жағынан көрсету болып табылады.

Экскурсия барысында тергеу изоляторының қызметкерлері – тергеу кабинеттерін, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камераларды, серуендеуге арналған орынды көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілер экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, іс-шара оларға қатты әсер еткенін айтты.

«Бұл алдын алу іс-шарасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жиілеп кеткен мемлекеттік органдармен өткізілетінін атап өткім келеді. Біз мемлекеттік мекеме басшыларына сыбайлас жемқорлық қылмыстарының неден басталатынын көрнекі түрде көрсеткіміз келеді. Тергеу изоляторының қабырғасында өткізген уақыт жауапты тұлғалардың пара алуға және беруге деген ниетін қайтаруы тиіс», – деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық