USD
USD
USD

Алматы қаласының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласының халқымен кездесті. 

Алматы қаласының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен «Қазақстанның қала құрылысшылары одағы» ҚБ президенті Любовь Владимировна Нысанбаева;

«Құрмет» орденімен «Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігері Роза Айтжанқызы Дүйсенбаева;

«Ерлігі үшін» медалімен ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Бекәлиханұлы Нұржаубаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Абдулович Мусаров;

«Шапағат» медалімен «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ магистранты Әділхан Темірханұлы Төлепберген марапатталды. 

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері