USD
USD
USD

Алматы қаласының Алатау ауданындағы жолдарды жөндеуге 500 млн теңге бөлінді

Алатау ауданының 12 шағын ауданында жолдар жөнделеді, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Алматы қаласының Алатау ауданындағы жолдарды жөндеуге 500 млн теңге бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Алатау ауданындағы жолдарды ағымдағы жөндеуге 500 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

«Қалалық мобилділік басқармасы биылғы шілде айында ұзындығы 60 км болатын 

63 көшені қамти отырып, 12 шағын ауданда орташа жөндеу жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні «Алғабас», «Қарасу» шағын аудандары және Сайын көшесі бойынша (Мөңке би көшесі мен Үлкен Алматы каналы бойының арасында) жұмыстар жүргізілуде», - деді қала басшысы.  

Сайын көшесін ұзартуға келсек, көлік қозғалысын жыл соңына дейін ашу жоспарланған. Ал Мөңке би мен Ақын-Сара көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығында барлық бағыт бойынша қозғалысты 2023 жылдың соңына дейін ашу көзделіп отыр.

Бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында Алатау ауданында 904 жаңа бейнекамера орнатылады.

"Жарықсыз 378 көше бойынша ЖСҚ әзірленуде, аяқталу мерзімі қыркүйек айының соңына дейін. Жұмыстың басталуы 2024 жылдың наурызына жоспарланған. Ауданда 18 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

«Жарығы жоқ 378 көше бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жұмысты аяқтау мерзімі – қыркүйек айының соңына дейін. Жұмысты 2024 жылдың наурызында бастау жоспарланған. Ауданда 18 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыс барысында электр жетегі бар көтергіш механизмдер мен лифтілерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсу қондырғысы көзделген», - деді қала басшысы. 

5 жерасты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделуде. Барлық жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net