USD
USD
USD

Алматы қаласының әкімдігі: Несиелік тұрғын үй тіркелген жері бойынша беріледі

Алматы облысы тұрғындарының несиелік тұрғын үйді броньдауға қатысты сұрақтарына Алматы қаласы әкімдігі түсініктеме берді.

Алматы қаласының әкімдігі: Несиелік тұрғын үй тіркелген жері бойынша беріледі
Фото: NEGE.kz

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – банк) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігінің несиелік  тұрғын үйіне кезекте тұрғандар үшін броньдауды өткізді. Сонымен қатар, банктің әкімдікке ұсынған тізіміне Алматы облысының (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағы – 150-ден астам елді мекен) тұрғындары кірді.

Алматыдағы несиелік тұрғын үйлер («Нұрлы дала» ТК және Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» ТК, Алатау ауданындағы «Мәдениет» ықшам ауданы) Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасы салған және заңнамаға сәйкес тек Алматы қаласында кезекте тұрғандарға арналған.

2021 жылғы 28 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне аталған азаматтардың Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй сатып алу заңдылығын түсіндіру жөнінде сұрау салған болатын. Министрліктегілер  кезекте тұрғандар несиелік тұрғын үйді тіркелген жері бойынша ғана ала алатынын растады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы елді мекенде есепте тұрған азаматтарға ғана пайдалануға беріледі.

Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция