USD
USD
USD

Алматы қаласына кіру үшін тұрғындар тексеріле ме?

 11 мамырда Алматы облысының бірқатар тұрғындарына Алматы қаласына кіруге рұқсат беріледі. Олар коронавирусқа ПТР тест тапсыруы тиіс. Бірақ, зертханалардың көпшілігі қала аумағында орналасқан.

Алматы қаласына кіру үшін тұрғындар тексеріле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин облыс тұрғындарының ПТР тест тапсыру тәртібін түсіндірді. «Алматы облысында зертхана жоқ деп айтуға болмайды. Онда бір стационарлық және бір көшпелі зертхана бар. Бірақ, адам саны көп боландықтан, ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін. Сондықтан, фильтр, экспресс-диагностика сынды одан да тиімді шаралар жасалады деп ойлаймын. Әзірге блокпосттар мен қашықтан қызу өлшеу, сауалнама әдістері қарастырылған», - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын күту қажет. «Қазір ешқандай өңірге, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтанға кіруге рұқсат жоқ. Көптеген адамдар қалаға оралып, жұмыс орындарына оралғысы келеді. Бірақ, зертханалар мұндай көп адамға 2-3 күнде нәтижесі шығатын тексеру жүргізе алмайды», - деді Ж. Бекшин. Сондай-ақ, санитарлық дәрігер мобильді ПТР-зертханалар жұмысын жолға қою керектігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.

БҚО-да оқушылар мінген автобус жол апатына түсті

Мектеп автобусы

Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Жақсылық Омар

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Министр