Алматыда Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді (видео)
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Алматы, NEGE. Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасауға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.