USD
USD
USD

Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын ұстады, деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі. 

Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол мегаполистің білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастырушылардан 12 млн теңгеден астам сомада пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Пара лагерь ұйымдастырушы компанияны конкурстың жеңімпазы деп тануға арналған. Мекеме балалар лагерін толыққанды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстарына ие болмай, конкурстың жеңімпазы болып танылғаны анықталды.

Лауазымды адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар