USD
USD
USD

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды.

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы пара алғаны үшін сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Биылғы жылдың 7 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының бас маманы - еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы
А.Қ. Қапаров ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Ведомоствоның мәліметінше, А.Қ. Қапаров бірнеше рет оқу орталықтарының өкілдерінен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстан өткені туралы сертификаттарға кедергісіз және жедел қол қойғаны үшін 150 000 теңгеге дейін пара алған."Оған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 819 740 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деп толықтырды ведомоство.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер