USD
USD
USD

Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі қайтыс болды

Алматы қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі кеңесшісі Вениамин Алаев 42 жасында қалалық ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Марқұмның неден көз жұмғандығы туралы, әзірге нақты мәлімет жоқ.

- Арамызда Вениамин енді жоқ, марқұммен қоштасу рәсімінің уақытын кейінірек хабарлаймыз. Ол сағат 17:00-де №12 қалалық ауруханада көз жұмды, - деп жазылған кеңесшінің Facebook парақшасында.

Алаев - ІІ-ші топтағы мүгедек жан. Ол Алматыдағы Алмауды (Almaty Management University) үздікке бітіріп, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін қорғаған. Сонымен қатар Каспий университетінде Заңтану мамандығы бойынша білім алған. Сорос – Қазақстан қорының "Құқық қорғаушылардың жаңа буыны" жобасының түлегі. "Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тарту ерекшеліктері" атты зерттеудің авторы. Әр жылдары Финляндияда, АҚШ-та, Канадада және Ирландияда мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша дәріс алған.

2017-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып жұмыс істеді. Өз құзыреті шеңберінде әртүрлі санаттағы мүгедек адамдардың ҮЕҰ және мемлекеттік органдар арасында диалогтарды сәтті ұйымдастырып, ол үшін әрдайым азаматтық қоғам ұйымдары және қала әкімдігі тарапынан алғыстарға ие болып отырған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева