USD
USD
USD

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы не үшін тексеріліп жатыр?

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы прокуратура аталмыш ведомствода тергеуді не үшін бастағанын мәлім етті.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы не үшін тексеріліп жатыр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «БАҚ-та «Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасында тексеру жүріп жатыр: қылмыстық іс қозғалды» деген жарияланымға қатысты Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы келесіне хабарлайды: Сотқа дейінгі тергеу – жеткізушіге қатысты басталды. Оған негіз – талаптарға сай келмейтін жеке қорғаныс құралдары жеткізілді деген күдіктің болуы. Осыған байланысты, Алматы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы істі қарап жатыр.

Жеке қорғаныс құралдарының жеткізілген партиясын тексеруді Қоғамдық денсаулық басқармасының және қалалық прокуратураның қызметкерлері бірлесіп жүргізгенін атап өткен жөн. Сапасыз тауарларды жеткізудің ықтимал фактілерін болдырмау үшін құқық қорғау органдарын тарту тәжірибесі болашақта да қолданылатын болады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасуда», – делінген Қоғамдық денсаулық басқармасының ресми аккаунтында. Сондай-ақ мәлім етілгендей, Қоғамдық денсаулық басқармасы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Құқық қорғау органдарының мекеме жұмысына және оның қызметкерлеріне қояр талабы жоқ.

Қазір оқып жатыр

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа жүйені сынап жатыр

Айжан Аймағанова

Еңбек нарығына жүргізілген аудит кезінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Аудит қорытындысына коллаж

Алматыда бес адамның өмірін жалмаған өрт: қала әкімдігі мәлімдеме жасады

Оқиға орны

АТБ банкінен 3 миллиард рубль дивиденд. Назарбаев НЕГЕ инвестициясын қайтара бастады?

АТБ