USD
USD
USD

«Алматы қала жарық» қала меншігіне қайтарылады

Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорнын қала меншігіне қайтару шарларын жүзеге асыруда. 

«Алматы қала жарық» қала меншігіне қайтарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Бұл компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқаруға жауап береді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жүзеге асырылды. «ABM Group.com» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мәміле 4,6 млрд теңге болды, болжамды құны 14,8 млрд теңге.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020-2021 жылдарға арналған қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған орталықтандырылған басқаруды ұсыну бойынша қызметтерді көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді. Осы нарықта «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ның үлесі бар. Бұл ұйымның монополиялық жағдайға ие екендігі анықталды»,- деп хабарлады әкімдіктен.

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес, монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау ел Үкіметінің құзыретіне жатқызылған.

Осылайша, Алматы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы қала жарық» МКК-ны жекешелендіру туралы шешімі Мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді.

«Алматы қала жарықты» жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Алматы әкімдігі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қабылдауда.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс