USD
USD
USD

Алматы індеттің алдын алып жатыр

Бүгін Алматыда 2984 үйдің 8264 кіреберісі мен 1426 аула алаңдары 100% өңделді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Алматы індеттің алдын алып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмысқа 65 бригададан 465 адам тартылған және олар 71 500 литр дайын ерітінді пайдаланған.
Сонымен қатар, көшелер мен тротуарларды жуу және залалсыздандыру жұмыстары да тоқтаусыз жүргізіліп жатыр.

«15 мамыр күні 5 027 мың шаршы метр көше, оның ішінде 24 әлеуметтік маңызы бар нысандардың кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 636 мың шаршы метр тротуарлар және 270 басқа да нысандар, 135 контейнерлік алаң мен 628 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды», - делінген хабарламада.

Көшелерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды, тротуарлар және басқа да нысандарды, оның ішінде көше жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін 163 арнайы техника мен  1136 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

«Оған 480 мың литр ерітінді жұмсалды. Сондай-ақ 1454 контейнер алаңын дератизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. Оған 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Одан бөлек, бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1180 тоннаны құраған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.