USD
USD
USD

Алматы халықаралық әуежайы рейстеріне жанармай құюды уақытша тоқтатты

Алматы әуежайында ұшақ жанармайы жетіспейді. Жолаушылар мен жүк тасымалы жүйесінің реттілігін сақтау үшін әкімшілік техникалық қону жасайтын әуе ұшақтарына жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылдады.

Алматы халықаралық әуежайы рейстеріне жанармай құюды уақытша тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жергілікті және импорттық жанармай тапшылығына орай және жеткізу мәселелеріне байланысты жолаушылар сондай-ақ коммерциялық жүктердің тұрақты рейстерін тоқтатпау үшін Алматы халықаралық әуежайы техникалық қону рейстеріне жағдай жақсарғанға дейін жанармай құюды тоқтатты", - деп мәлімдеді Алматы қаласының әуежай әкімшілігі.

Жағдай жақсарғанша солай болады. Энергетика министрлігі 3 шілдеде өткен кеңесте Азаматтық авиация комитетін, әуе компаниялары мен әуежайларды Павлодар мұнайхимия заводында жөндеу жұмыстарының басталатынын және керосиннің жетпейтін мөлшерін импорттау керектігін алдын ала ескерткендігін айтады. Биыл қазақстандық тұтынушылар үшін Ресейден 300 мың тонна авиакеросин импорттау жоспарланған. Бірақ бес айда 31 мың тонна ғана жеткізіліпті.

Қазір оқып жатыр

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық