Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматы фтизиопульмонология орталығынан соңғы екі науқас коронавирустан жазылып шықты

Алматы фтизиопульмонология орталығының мамандары COVID-19-бен түскен соңғы 2 пациентті шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы фтизиопульмонология орталығынан соңғы екі науқас коронавирустан жазылып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  68 жастағы әйел мен 60 жастағы ер адам өкпелерінің 85 % және 100% қабынуымен түскен. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күшімен пациенттер аурудан айығып кетті.

«Медицина мамандарына алғысым шексіз. Әсіресе реаниматологтарға көп рахмет. 26 күндей ес-түссіз жатыппын. Аман алып қалғандарыңыз үшін рахмет», - деді пациент.

Бұл орталықта 12 сәуірден бері кронавирустан 1300 адам жазылып шыққан. 5 ай бойы орталық мамандары, реаниматологтар, фтизиатрлар, хирургтер, медбикелер, санитарлар осынша адамның денсаулығын үшін тер төккен. «Алайда әлі де коронавирус қаупі сейілген жоқ. Күз бен қыста жедел вирустық инфекциялармен қабаттаса отырып, коронавирус инфекциясы да жоғары жылдамдықпен таралуы мүмкін. Сақтық шараларын барынша сақтауларыңызды сұраймын», - деді орталықтан.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.