USD
USD
USD

Алматы фонтанындағы жағдай: Бір науқастың жағдайы ауыр

Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан үш адамның бірінің жағдайы өте ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлім етті.

Алматы фонтанындағы жағдай: Бір науқастың жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Сенбі күні кешкі сағат 16:00 шамасында жедел жәрдем қызметіне субұрқақта бір ересек және екі баланың зардап шеккені туралы хабар түсті. 1993 жылы туған Алматы тұрғыны қазір Орталық клинкалық ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімінде. Барлық медициналық көмекті көрсетіп жатырмыз. Ол азаматта көптеген жарақат бар. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Қалған екі кішкентай қызға келетін болсақ, 10 жастағы қыз жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Жағдайы орташа ауыр. 8 жастағы екінші қыз жансақтау бөлімінде, ертеңге дейін бақылауда ұстаймыз. Жағдайы орташа ауыр», - деді басқарма өкілі.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға