USD
USD
USD

Алматы эпидемиологтары адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді

 COVID-19 таралу қаупіне байланысты Алматыда эпидемиологтар адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. 

Алматы эпидемиологтары адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері вирустың таралу қаупі сейілмегенін айтты. Қала тұрғындары карантин режимін қатаң сақтағаны жөн. Алматы қалалық бас санитарлық дәрігерінің 2 маусымдағы қаулысына сәйкес қалада бұқаралық шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынған.

«Бұқаралық шаралар адамдардың коронавирус жұқтыру қаупін күшейте түседі. Бүгін дезинфекциялық шаралардың екінші кезеңі басталды. Өздеріңіздің денсаулықтарыңызға қауіп төндірмеңіздер»,- деп ескертті департаменттің баспасөз қызметі. Карантин шараларын бұзу ҚР заңнамасы бойынша қудаланады. Полиция қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында рейд жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова