USD
USD
USD

Алматы энергетика университетінің профессоры мен магистранты бір күнде қайтыс болды

Алматы энергетика және байланыс университетінде бір күнде, яғни 13 желтоқсан күні профессор Алмас Жакупов пен магистрант Амирали Ахметов қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы энергетика университетінің профессоры мен магистранты бір күнде қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Алматы энергетика және байланыс университеті 2022 жылғы 13 желтоқсанда Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Алмас Аусыдықұлы Жакупов қайтыс болды деп қайғыра хабарлайды" – деп жазылған университеттің Instagram-дағы парақшасында.

Профессор мен 22 жастағы 1 курс магистрантының неден қайтыс болғаны белгісіз.

"Университет басшылығы МИСк-22-1 тобының магистранты Амирали Ахметовтың мезгілсіз қазасы туралы қайғыра хабарлайды және туыстары мен жақындарына көңіл айтады" – деп хабарлады университет ұжымы.

Университеттегілер Алмас Жакупов пен Амирали Ахметовтің өлімінің өзара байланысы жоқ екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық