USD
USD
USD

Алматы экономикасына 484 млрд теңге инвестиция тартылды

Биылғы 5 айда мегаполис экономикасы қарқынды түрде өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті. 

Алматы экономикасына 484 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.«Сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау экономика өсімінің драйверлері болды. Негізгі капиталға 484 млрд теңге инвестиция тартылды. Жеке инвестициялар 2,7%-ға өсті», - деді Е. Досаев.

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 29,4 мың жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5–5,5% деңгейінде бағаланады.

Алматыда шағын және орта бизнесті несиелеу 60%-ға өсті

«Жыл басынан бері басым бағыттар бойынша жоспарланған 3 мың жобадан 783 жоба қолдау тапты. Факторингтік мәмілелерді қаржыландыру үшін «Даму» қорымен бірлесіп, қосымша 3 млрд теңге бөлінді. Шағын және орта бизнесті несиелеу 60%-ға, сондай-ақ белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 38,6%-ға өсті», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында.  

Сонымен қатар қазіргі уақытта Алматының Индустриялық аймағында 9,7 мың жұмыс орнын аша отырып, 344 млрд теңгеге 19 жоба іске асырылуда. Биыл 14 жоба пайдалануға берілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті