USD
USD
USD

Алматы: Бүлік кезінде зардап шеккендердің саны белгілі болды

Түнде Алматы қаласында болған бүлік кезінде зардап шеккендердің саны белгілі болды. Бұл деректі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Алматы: Бүлік кезінде зардап шеккендердің саны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнде Алматыда болған жаппай наразылық кезінде жарақат алғандардың саны белгілі болды. Қаланың емдеу мекемелеріне 190 адам адам жүгінген. Басқарманың мәліметінше, жедел жәрдеммен ауруханаға 150 адам жеткізілген, 40 адам өз бетінше келген.

«40 адам ауруханаға жатқызылды. Жан сақтау бөлімінде 7 адам жатыр, оның төртеуі – полиция қызметкері. Сондай-ақ 190 адамның 137-сі – полиция қызметкері болса, 53 адам қатардағы азаматтар», – деп хабарлады басқарма.

Естеріңізге салайық, 3 күннен бері Қазақстанның бірнеше қаласында жаппай наразылық өтіп, соңы қақтығыстарға ұласты. Алматыда полиция мен наразы топтың арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан