USD
USD
USD

Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 42%-ға өсті

Алматының 2022 жылғы жергілікті бюджет кірісі 1 175,1 млрд.теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қалалық мәслихаттың VI сессиясында.

Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 42%-ға өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала бюджетінің кірістер құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі, ол 164,2 млрд. теңге көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен асып, 1 122,1 млрд. теңгеге жеткен.

2021 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 332 млрд. теңгеге немесе 42%-ға ұлғайды. 2022 жылы салықтық емес түсімдер 16,5 млрд. теңге болды. Негізгі капиталды сатудан түскен кірістер 36,4 млрд. теңгеге жетті, жоспар 23,8%-ға асыра орындалды.

«Қаңтар оқиғасында бизнеске келтірілген залалмен байланысты жылдың ауыр басталуына қарамастан, әкімдіктің ШОБ-ты қалпына келтіру және қолдау бойынша уақытылы қабылдаған шаралары, сонымен қатар, МКД әкімшілендіруді жақсарту салықтан түсетін түсімдерді көбейтуде оң нәтижесін берді», - деді Алтай Бердіқұлов.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Алматыда іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тапсырды. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, әкімдік 16,2 млрд.теңге сомасында зардап шеккен 1640 кәсіпорынға келтірілген залалды өтеген. Олардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде - ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін алды.

Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді қайтаруға көмектесті. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды.

2022 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде 15,9% республикалық бюджеттен 224,1 млрд.теңге сомасында трансферттер (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсім), 0,6% - бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін түсімдер, 0,01% - қаржы активтері мен бюджет несиесін сатудан және 0,1% - бюджет несиесін өтеуден түсетін түсім.

2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша түсімдер 340,7 млрд.теңге болды, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,2 млрд. теңгеге немесе 69%-ға көп.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары