USD
USD
USD

Алматы: Бір тәулікте 3,4 мың адам вакцина алды

Алматы қаласында бір тәулікте 3456 адам коронавирус вакцинасын салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Алматы: Бір тәулікте 3,4 мың адам вакцина алды
Фото: NEGE.kz
 

 

Алматы, NEGE. «15 қараша күні 3 456 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 856, II компонентін – 1 600 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 15 қараша аралығында қалада 1 011 453 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 962 916 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 595 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 екпе бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады басқарманың баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева