USD
USD
USD

Алматы: Бір күнде 10 мың адам вакцина салдырды

Алматы қаласында бір тәулікте 10 655 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Алматы: Бір күнде 10 мың адам вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «19 тамыз күні 10 655 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 4 730, II компонентін 5 925 адам салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 тамызы аралығында қалада барлығы 833 106 адам вакцина алды. Вакцина салғандардың ішінде 109 603 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.

«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі