USD
USD
USD

Алматы базарлары неге ашылмайды?

Алматыда 4 мамырдан бастап ашылатын сауда орындарына базарлар жатпайды.

Алматы базарлары неге ашылмайды?
Фото: NEGE.kz

Азық-түліктен басқа базар саудасының ашылуына неге тыйым салынып отырғанын қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифинг барысында түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Ауданы 500 шаршы метр болатын азық түліктен басқа тауарлар дүкендерінің ашылуына рұқсат беріледі. Егер ШОБ субьектілері базар мен сауда үйі территориясында орналасса оларға рұқсат берілмейді. Дүкендер жеке орналасуы керек. Базарлар мен сауда үйлеріне, орталықтарына рұқсат әлі жоқ», - деді Сапарбек Тұяқбаев. 4 мамырдан бастап шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша), фотосалондар мен гүл дүңгіршектері, жылжымайтын мүлік компаниялары, валюта айырбастау орындары жұмысын қайта бастайды. Қызмет көрсету саласы бойынша аяқ киім жөндеу, химиялық тазалау, баспа ісі бойынша нысандардың жұмысын іске қосуға рұқсат етілген. Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, аталған нысандарды ашудың арқасында 41,4 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

 

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Жарықсыз қалды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

.

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

сәби

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай