USD
USD
USD

Алматы аялдамаларында күдікті жарнама пайда болды

Қаладағы қоғамдық көлік аялдамаларында QR коды бар жарнама стикерлер жапсырылған.

Алматы аялдамаларында күдікті жарнама пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оны сканерлеген кезде «ҚХБ Инвест» деген күмәнді парақша ашылады. Алаяқтар халықты Ұлттық банкпен бірге табыс табуға үгіттейді. Қаржы мекемесінің бұрынғы төрағасының аты-жөні қолданылып, Қазақстанның табиғи ресурстарына инвестициялауға және табысқа қол жеткізуге шақыратын басқа тұлғаның суреті көрсетілген.

Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, бұл хабарландыру еш жерде тіркелмеген. Демек рұқсат етілмеген жарнама. Оның қаржылық пирамидаға қатысы бар-жоғын анықтау үшін әкімдік қызметкерлері полицияға жүгінген.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев