USD
USD
USD

Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы қолданысқа беріледі

 Алматы әуежайының жаңа терминалы қолданысқа 2024 жылы беріледі.

Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы қолданысқа беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрылыс жұмысы кезінде әуежай ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысын тоқтатпайды. Алматы халықаралық әуежайының президенті Эрсой Альп Эр Тунга журналистерге VIP терминал ғимаратының тарихи келбеті сақталатынын айтты. Нысан заманауи дизайнмен қайта жаңармақ. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Оған 200 млн доллар инвестиция қарастырылған. «Халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейтін әуежайда VIP-терминалдар мен жаңа бағыттағы күту залдары болады. Құрылыс жұмыстары кезінде әуежай ұшақ қабылдау, халықаралық бағыттарға ұшу жұмысын тоқтатпайды. Барлық терминал мен қызметкер жолаушыларға қызмет көрсете береді. Жаңа әуежайдың құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлап отырмыз», – деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Эрсой Альп Эр Тунга.

Бұған дейін Алматы әкімдігі мегаполистегі әуежай ғимаратын жаңарту кезінде тарихи құрылымы сақталатынын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов