USD
USD
USD

Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы ашылады

Әуежайдың жаңа жолаушылар терминалында құрылыс-монтаж жұмыстары 65%-ға аяқталды. Оның ашылуы мерзімінен бұрын – 2024 жылдың жаз айының басына жоспарланған. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы 1 қыркүйекке дейін ашылады.

Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен өткізген кеңесінде мәлім болды. 

Алматы әкімі әуежайда қызмет көрсету сапасының мәселелеріне, атап айтқанда, көп сағаттық кезек пен көлік тұрағының тапшылығына назар аударды. Әкімшілік қазірдің өзінде жүк желілерін жаңартуды, жаңа кондиционерлеу жүйесін орнатып, қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдауда.

Жаңа жолаушылар терминалы ашылған соң қолданыстағы терминалды жаңғырту көзделіп отыр. Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.

Алматы халықаралық әуежайын кеңейту жобасы аясында жолаушылар терминалы мен авиацияның жаңа ғимараттары салынып, эстакада, ұшу-қону жолағы мен вокзал маңы аумағын қайта жаңартылады.

Тараптар сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен Жол картасын іске асыруға уағдаласты. Ерболат Досаев нысанның стратегиялық маңыздылығына байланысты Алматы әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс