USD
USD
USD

Алматы әуежайының жаңа президенті тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының пезиденті болып тағайындалды, деп хабарлайды TAV Airports баспасөз қызметі.

Алматы әуежайының жаңа президенті тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және 2009 жылдан 2021 жылға дейін Грузия TAV бас менеджері болып жұмыс істеген.

Хабарламада Мете Еркал 1993 жылы Оңтүстік Иллинойс университетінің қаржы факультетін бітіргені айтылған. Сент-Луисте Blinder & Robinson Co компаниясында менеджмент бойынша тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар Нью-Йорк пен Парижде Turkish Airlines-те бағыттар бойынша менеджер болып жұмыс істеген.

1995 жылдан 1999 жылға дейін Мете Еркал Havaş Ground Handling жекешелендіру кезінде және Swissport серіктестігінде сату және қызмет көрсету жөніндегі бас директордың орынбасары болды. Кейінірек ол 1999 жылдан 2002 жылға дейін Челеби әуе қызметтеріне коммерциялық директор ретінде қосылған.

Америкалық Маркетинг қауымдастығының мүшесі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy