2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Алматы әуежайының жаңа иесі жоспары жайлы айтты

Алматы халықаралық әуежайының жаңа иесі - түркиялық TAV Airports Holding холдингінің өкілдері алдағы жоспарын айтып берді. 

Алматы әуежайының жаңа иесі жоспары жайлы айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. TAV Airports Holding компаниясы бас директорының орынбасары Серкан Каптанның айтуынша, 2022 жылға қарай әуежайда халықаралық ұшулар үшін жаңа терминал салынады. Оның құны - 200 миллион доллар.

Сондай-ақ, жаңа паркинг пен қосымша кеңселер ашылады екен. Тағы президенттердің көлігі ұшу үшін жаңа жолақтар салынады. Сонымен қатар, компания өкілі отандық қызметкерлердің жұмыс орны сақталатынын атап өтті. Түркиядан бар болғаны 10 адам келіп, жаңа стандарттардың орындалуын бақылайды.

"Біз әуежайды еуропалық стандарттарға сай етеміз. Әуежайдың жылдық орташа табысы 30 миллион долларды құрайды. Келісім аяқталды. Менің ойымша, біз жұмсаған 415 миллион доллар 10-15 жылдың ішінде қайтарылады. Бірақ коронавирусты ескерсек, ұтылған тұстарымыз бар. Сондықтан қандай табыс келетінін әзірге айту қиын", - деді Серкан Каптан.

Еске салайық, түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі