USD
USD
USD

Алматы әуежайының президенті ауысты

Алматы халықаралық әуежайының президенті ауысты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) мәлім етті.

Алматы әуежайының президенті ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2021 жылғы 14 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Призидент Эркал Кадри Мете шығарылды; Алп Ер Тунга Ерсой – президент болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде.

Еске салайық, сәуір айында TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков