USD
USD
USD

Алматы әуежайында таксидің тарифі көрсетілген тақталар орнатылады

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы жұмыс тобы түрлі сервис ұсынатын қаладағы такси қызметінің құнын саралады.

Алматы әуежайында таксидің тарифі көрсетілген тақталар орнатылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жолаушыларды тасымалдау тарифі баратын жердің қашықтығына әрі такси класына байланысты 1200-ден 12000 теңгеге дейін барады. Ең жоғары баға әуежайдан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум сегментінде.

Алматы кәсіпкерлер палатасының мамандары қала аймақтарын және ұсынылатын бағаларды қосқанда, ресми такси операторлары қызметінің тарифін көрсете отырып, ақпараттық стендтер мен буклеттер әзірледі.

Соның арқасында туристер бағаны шамалап біліп, қанағатсыз такси жүргізушісі алдаса, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгіне алады.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік