USD
USD
USD

Алматы әуежайында шетелдіктер жалған паспортпен ұсталды

Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған паспорт сатып алған.

Алматы әуежайында шетелдіктер жалған паспортпен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жүктерін тексеру кезінде олардың шын паспорттары табылды.

Алдын ала дерек бойынша олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларға бағаланған.

Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов