USD
USD
USD

Алматы әуежайында атыс болды

Әуежайдың автотұрағында мас күйінде болған үш ер адам төбелескен. Кейін олардың бірі бөтелкені сындырып, келген полицейлерге қарай жүгірген.

Алматы әуежайында атыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция департаменті 26 шілдеге қараған түні әуежай автотұрағында төбелес болғанын хабарлады. Үш ер адам мас күйінде болған.

"Олар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берді. Бұрын сотталған 1994 жылы туған ұрысшылардың бірі сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны ұрмақ болған. Ауыр қылмыстың жолын кескен тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атады, - деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Төбелеске қатысушылар қамауға алынды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары болып шықты. Олардың екеуі бұрын тонау және бөтеннің мүлкін ұрлау үшін сотты болған.

Сотталушылардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 293 бабының 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, полицейлер қызметтік қаруды қолдану фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт