Алматы әуежайын шетелдіктер сатып алмақ
TAV Airports әуежайының операторы Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен қазақстандық әуе айлағын сатып алу жөніндегі келісімді талқылап жатыр.
Алматы, NEGE. LS порталының хабарлауынша, талқылауға VPE Capital басқарушы компаниясы да қатыспақ. Groupe ADP (46,12% TAV Airports-қа тиесілі) компаниясының хабарлауынша, келісімге жақын уақыт ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.
"Алматы халықаралық әуежайы – орталық Азиядағы ең ірі әуежай. 2018 жылы ол 6 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. Қазақстан – теңізге шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен ел өңірдегі экономикалық өсімнің драйвері. Ол Орталық Азияның ЖІӨ-нің 60%-ын қамтамасыз етеді. Бұл әуежайды сатып алу Groupe ADP және TAV Airports даму стратегиясына сай келмек", – деп мәлімдеді Groupe ADP.
Groupe ADP осы күні Paris-Charles de Gaulle, Paris-Orly және Paris-Le Bourget секілді бірқатар әуежайды басқарады. 2018 жылы олар француз әуе айлағы арқылы 176 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?