USD
USD
USD

Алматы әуежайы тексерілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жанындағы арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жолаушылардың шағымынан соң Алматы әуежайына тексеріспен барды.

Алматы әуежайы тексерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рафаэль Гасанов көпшіліктің пікірін әуежай қызметкерлеріне жеткізді.

«Рейс кестесіндегі бұзылулар жолаушылардың наразылығын туғызатыны әрине, заңдылық. Әлбетте вирустың таралуына тосқауыл болатын басқа да тиімді нәрселер бар екені рас», – деді Гасанов.

Алматы әуежайының баспасөз хатшысы Наталья Соколова шетелден келетін жолаушыларға арналған шарттарды түсіндірді: бортта анкета толтырылып, дене қызуы өлшенеді, ПТР тест тапсырмаған жолаушылар шекара бақылауынан өтіп, жүкті бөлек алады.

Ол үшін қосымша зал ашылған.

Ол жерде СЭС, шекара қызметі, кеден қызметкерлері, әуе компаниясы мен әуежай қызметкерлері бар. Санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық шаралар алгоритмі қолға алынған.

Рафаэль Гасанов әуе компаниясына келетін рейстерді бақылауға алуды ұсынды. Көптеген әуе компаниялары рейстер кестесіне сыймай жатыр. Соның кесірінен шекара бақылауында және жүк берілетін орында кептелісі болады.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов