USD
USD
USD

Алматы ауасының ластану деңгейінің нәтижесі жарияланды

Қазгидромет алғашқы аптадағы Алматы қаласының атмосфералық ауасындағы бензапиролдың құрамына қатысты жасаған талдау нәтижесін жариялады.

Алматы ауасының ластану деңгейінің нәтижесі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрын хабарланғандай, қалада 1 маусымнан бастап құзырлы мекеме ауада бензапиреннің бар-жоғын тексере бастады.

Талдау келесі 5 өңірлер бойынша жүргізілді: Амангелді көшесі Сәтпаев даңғылымен қилысы; Райымбек даңғылымен Наурызбай батыр көшесінің қилысы; Айнабұлақ-3 ы/а; Ақсай-3 ы/а, Маречека мен Момышұлы көшелерінің қилысы, Тастақ-1 ы/а, Төле би көшесі, 249 үй, - деп хабарлады департаменттегілер.

Атмосфералық ауа үлгілерін іріктеу және талдау нәтижелері бойынша бензапиролдың концентрациясы 0.0002-0.0004 мкг / м3 аралығында болды, бұл - белгіленген нормадан төмен (ШРК = 0.001 мкг / м3) көрсеткіш.

Бензапирол - бұл химиялық компонент, ең күшті канцерогендік белсенділігі бар және өте улы. Денеге әсер ету дәрежесі бойынша қауіптілік I (ең жоғары) класына жатады. Ол көмірсутекті сұйық, қатты және газ тәріздес отынды жағу кезінде пайда болады (аз мөлшерде газ тәріздес отынды жағу кезінде), ірі қалаларда ол көбінесе автомобиль көлігінің түтінімен ауаға бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова