USD
USD
USD

Алматы тауындағы өрттің беті қайтты

Медеуде тұтанған өрт тоқтады. 

Алматы тауындағы өрттің беті қайтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласында табиғи өртті сөндіру жұмыстарына күштер мен құралдардың топтары жоғары дәреже бойынша жұмылдырылған, өрттің таралуын жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Сағат 17:53-те өрттің таралуын тоқтатуға қол жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағымен 30 рет су ағызылды (90 тонна). Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігі 109 құтқару қызметінің МИ-8 МТВ тікұшағы көтерілді.

Оқиға орнында ТЖД 62 жеке құрам қызметкері және 5 техника, МҰТП қызметкерлері – 42 адам өртті сөндіріп жатыр.

Еске салайық, 7 мамыр күні сағат 23:52-де Алматының Медеу ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөп пен құлаған ағаштардың тұтанғаны анықталды.

Отпен күрес кезінде өрт сөндіруші мерт болды. Тағы бір құтқарушы жарақат алды

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.